Деректерді талдау және бизнеске арналған IT-шешімдер құру бағдарламасы. Сен деректер базасымен жұмыс істеуді, деректерді визуализациялауды және бизнес-көрсеткіштерді талдауды үйренесің.
Карьера:
IT-маман, программист, ERP-маман, жүйелік әкімші, әзірлеуші және деректер базасының әкімшісі, автоматтандырылған жүйелер инженері, web-әзірлеуші, жүйелік аналитик, SAP-маман.
Деректерді талдау, IT-шешімдер әзірлеу және бизнес-процестерді оңтайландыру бағдарламасы. Сен цифрлық сервистер құруды, ақпараттық жүйелермен жұмыс істеуді және бизнес-процестерді автоматтандыруды үйренесің.
Карьера:
жүйелік әкімші, жүйелік және web-программист, ақпараттық қауіпсіздік инженері, деректерді талдау және шешімдер әзірлеу маманы.
Интернетте брендтерді ілгерілетуге арналған бағдарлама. Мұнда технология, креатив, аналитика және digital-құралдар қолданылады.
Сен жарнамалық кампаниялар құруды, аудиторияны талдауды, әлеуметтік желілермен, SEO, таргетпен, email-маркетингпен, контентпен және digital-стратегиялармен жұмыс істеуді үйренесің.
Карьера:
digital-маркетолог, таргетолог, SMM-маман, SEO-маман, email-маркетолог, продакт-менеджер, видеоконтент маманы, копирайтер, digital-продюсер.
Орташа жалақы: 450 000 – 950 000 ₸
Қайда жұмыс істеуге болады:
IT-компаниялар, ірі корпорациялар, банктер (Kaspi.kz, Halyk Bank, Alatau City Bank, IQ-Solutions, Kolesa, Krisha және Market сервистерін әзірлеу).
Орташа жалақы: 500 000 – 1 000 000 ₸
Қайда жұмыс істеуге болады:
IT-компаниялар мен корпорациялар (Beeline Kazakhstan, Kcell, Halyk Bank, ForteBank, Eurasian Bank, BTS Digital, EPAM Kazakhstan, InDrive, DataArt Kazakhstan, BI Group, Kazpost, Air Astana).
Интеллектуалды жүйелерді әзірлегісі, деректермен, машиналық оқытумен, нейрондық желілермен және заманауи цифрлық технологиялармен жұмыс істегісі келетіндерге арналған білім беру бағдарламасы.
Бағдарлама бизнес, ғылым, білім беру, қаржы, медицина, өнеркәсіп және әлеуметтік сала үшін AI-шешімдерді жасай және қолдана алатын мамандарды даярлайды.
Карьера:
AI-әзірлеуші, machine learning engineer, data scientist, деректер аналитигі, нейрондық желілер маманы, интеллектуалды жүйелер әзірлеушісі, AI-product manager, компьютерлік көру маманы, NLP-маман, AI саласындағы бизнес-аналитик.
Орташа жалақы: 400 000 – 800 000 ₸
Қайда жұмыс істеуге болады:
банктер, телеком, зерттеу орталықтары, стартаптар және Қазақстанның ірі цифрлық жобалары (Kaspi.kz, Kolesa Group, Beeline Kazakhstan, Kcell, Halyk Bank, Freedom Holding, Astana Hub, CerebraAI, Sergek Group, Documentolog, Kazakhtelecom).
Орташа жалақы: 450 000 – 900 000 ₸
Қайда жұмыс істеуге болады:
digital және IT-компаниялар, агенттіктер мен корпорациялар (Yandex Qazaqstan, Kolesa Group, Kaspi.kz, Chocofamily, Chocolife, Arbuz.kz, Ticketon, Aviata, Technodom, Sulpak, Magnum, Freedom Holding).