125+
50+
1000+
Адамдарды түсінетін, олардың дамуына көмектесетін және әлеуметтік процестерді басқара алатын маман бол.
Бағдарламаның басты артықшылығы:
сен адам, оның дамуы мен мінез-құлқы туралы білім алып, оны білім беру, кеңес беру, HR, әлеуметтік сала және зерттеу жұмысында қолдана аласың.
Бұл білім беру бағдарламасы адамның қалай қалыптасатынын, оның ойлауы, эмоциялық интеллекті, мінез-құлқы, өзін-өзі бағалауы, мотивациясы және қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті қалай дамитынын зерттеуге көмектеседі.
  1. Алғашқы курстардан бастап тәжірибе
  2. Әлеуметтік-психологиялық зерттеулер мен сараптамалар
  3. Адамдармен және ұйымдармен жұмыс істеу дағдылары
  4. Психологияны оқыту әдістемелері
  5. Халықаралық деңгейдегі білім беру
ұжымдармен, ұйымдармен, коммуникациямен, қақтығыстармен, HR-процестермен және әлеуметтік ортамен жұмыс істегісі келетіндер үшін.
адамды, оның ішкі әлемін, даму кезеңдерін, мінез-құлқын, ойлауын, эмоцияларын және тұлғалық өсуін зерттегісі келетіндер үшін.
Тұлғаның дамуының психологиялық ерекшеліктері — бұл адамның әрекеттерін ғана емес, сол әрекеттердің артында тұрған себептерді, эмоцияларды, қажеттіліктерді және ішкі процестерді көре білу.
серіктес компания
тәжірибелі оқытушы
табысты түлек
Әлеуметтік-психологиялық процестерді басқару — бұл адамдарды жеке тұлға ретінде ғана емес, команда, ұйым және қоғам ішінде түсіне білу.
Мұнда сен:
— адамдардың топтар мен ұжымдардағы мінез-құлқын түсінуді;
— әлеуметтік-психологиялық климатты талдауды;
— қақтығыстармен және коммуникациямен жұмыс істеуді;
— қызметкерлер мен командалардың мотивациясын зерттеуді үйренесің.

Бағдарламаның басты артықшылығы:
сен HR, білім беру, бизнес, әлеуметтік жобалар, персоналды басқару, аналитика және ұйымдық психология салаларына қажет дағдыларды меңгересің.
Бұл білім беру бағдарламасы психологияны, әлеуметтік зерттеулерді, персоналды басқару негіздерін және ұйымдық ортамен жұмыс істеуді біріктіреді.
— бағыт таңдауға;
— оқуға түсу шарттарын білуге;
— жеңілдіктерді түсінуге;
— құжаттарды артық стресссіз тапсыруға.
біздің қабылдау бойынша жеке гидіміз саған көмектеседі:
ОҚУҒА ТҮСУ ЖОЛЫҢДЫ ҚАЗІР БАСТА:
Жеке жеңілдігіңді есепте:
  • География және Биология бейіндік пәндері бойынша ҰБТ тапсыр.
  • Қабылдау комиссиясына кел.
  • ҰБТ баллың бойынша оқу жеңілдігін ал.
Ал сен тек өз баллың арқылы 100%-ға дейін жеңілдік ала алатыныңды білдің бе?
HR-маман, ұйымдық психолог, персоналды басқару маманы, мектеп психологы, әлеуметтік психолог, қызметкерлерді бейімдеу маманы, тренер, медиатор, кеңесші, әлеуметтік-психологиялық процестер аналитигі.
Сіздің жеңілдігіңіз: 0%