В057 ақпараттық технологиялар
Білім беру бағдарламалары:
6B06103 Digital маркетинг
6B06105 Smart технологялар
6B06104 Big data талдау
Digital-маркетинг — бұл электронды коммерция саласында тауарлар мен қызметтерді ілгерілету үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдана алатын мамандарды даярлайтын бағдарлама.
Бағдарламада математика, бағдарламалау және маркетинг негіздері қамтылған — бұл студенттерге өз қосымшаларын жасауға немесе дайын платформалармен кәсіби жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Программист-маркетолог; Продакт-менеджер; Жасақтаушы (разработчик); IT-маманы; Digital-production маманы; SEO-маманы.
Кім болып жұмыс істейсің?
Smart-технологиялар — бұл бағыт түлектері «ақылды» жүйелерді, желілер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, қызмет көрсету және оңтайландыру дағдыларын меңгереді. Олар заманауи IT-шешімдерді зерттеп, басқарылатын жүйелер құрып, түрлі құрылғыларға арналған инновациялық қосымшаларды жасайды.
Бұл сала мамандарына технологиялық компанияларда, ғылымды қажет ететін кәсіпорындарда, сондай-ақ мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда үлкен сұраныс бар.
Процестерді автоматтандыру жөніндегі мамандар, жүйелік әкімшілер, ақылды жүйелерге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеушілері, инженер-бағдарламашылар, IT-мамандар.
Кім болып жұмыс істейсің?
Big Data аналитикасы — бұл бағыт түлектері үлкен көлемдегі мәліметтермен жұмыс істеу, деректерді жинау мен өңдеу процестерін оңтайландыру, тұтынушылардың мінез-құлқын болжау және тәуекелдерді талдау дағдыларын меңгереді.
Олар компаниялардың жұмыс тиімділігін арттыруға арналған бизнес-шешімдер әзірлей алады. Мұндай мамандарға мемлекеттік мекемелерде, халықаралық ұйымдарда және өнеркәсіптік өндіріс саласында үлкен сұраныс бар.
Деректер базасының әзірлеушілері мен әкімшілері, жүйелік әкімшілер, ERP-бағдарламашылар.
Кім болып жұмыс істейсің?